8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2019 1921 0
Қоғам

АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

      Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады.

Әлем мұсылмандары бүгін Ораза айт мейрамының алғашқы күнін тойлап жатыр. Ақжайық жамағаты айттың алғашқы күні «Орал» орталық мешітіне жиналып, айт намазына қатысты.

Айт намазы Оралда таңғы сағат алты отызда оқылды. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, қаладағы ең үлкен мешітте ине шаншар орын қалмады. Айт намазын ашық аспан астында оқығандар қаншама. Ақжайық жұртын  Ораза айт мерекесімен  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы  құттықтады.

Айт намазы оқылып болған соң мешіттің ақсақалы Ғұмар қажы Құрақов жиналған жамағатқа амандық, елге тыныштық береке тілеп, дұға жасады.

Төс түйістіріп бірін-бірі құттықтаған жамағат бауырмалдықтың үлгісін сабақтастырды.

Айт намазы қала, аудан, ауыл мешіттерінде өз жалғасын табуда.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
138 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
382 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»