АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады.

Әлем мұсылмандары бүгін Ораза айт мейрамының алғашқы күнін тойлап жатыр. Ақжайық жамағаты айттың алғашқы күні «Орал» орталық мешітіне жиналып, айт намазына қатысты.
Айт намазы Оралда таңғы сағат алты отызда оқылды. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, қаладағы ең үлкен мешітте ине шаншар орын қалмады. Айт намазын ашық аспан астында оқығандар қаншама. Ақжайық жұртын Ораза айт мерекесімен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы құттықтады.
Айт намазы оқылып болған соң мешіттің ақсақалы Ғұмар қажы Құрақов жиналған жамағатқа амандық, елге тыныштық береке тілеп, дұға жасады.
Төс түйістіріп бірін-бірі құттықтаған жамағат бауырмалдықтың үлгісін сабақтастырды.
Айт намазы қала, аудан, ауыл мешіттерінде өз жалғасын табуда.


ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу