8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1885 0
Жалын

Ахмет мектебінің еңсесі биік

Осыдан сегіз жыл бұрын Зашаған кентіндегі иен далаға  үй тұрғызып, жаппай ауылдан қоныс аударған ағайындардың басты арманы орындалды.  Өйткені «Көктем» шағынауданынан жұртшылық асыға күткен алғашқы білім ұясы бой көтерген болатын.

Бүгінде аталмыш шағынауданда мектеп, балабақша, спорттық кешен, емхана, көпқабатты тұрғын үйлер көптеп бой түзеді. Халық саны да күн санап артуда. Әйтсе де қазақылықтың иісі аңқитын сәні мен салтанаты келіскен осы бір білім мекені көп жылдар асыға күткендіктен бе, әр тұрғынға ыстық көрінеді.   

1200 орында – 2500 бала
«Тәртіп – тәрбие бастауы» демекші, мектепке кіре берістен-ақ  темірдей тәртіп  орнағаны  көрініп тұр. Жылы ұяда сапалы білім беруге барлық жағдай жасалынған. Кейбір мектептердегідей, қоңырауға шыға сала алыса-жұлыса кететін жеткіншектер бұл ортада байқалмады.  Бүгінде Ахмет Байтұрсыновтың есімін иеленген №10 жалпы орта білім беретін мектебі әуел бастан 1200 балаға арналыпты.  Десек те мұнда ағымдағы оқу жылында 2500 бала білім алуда. Оларға 200 мұғалім дәріс береді. Мектеп алды даярлық тобында 300 бала тәрбиеленсе, ал бірінші сыныптарда  275 оқушы бар. Бұл жаңа шағынаудандарда халық санының күрт өсіп келе жатқанының нақты көрінісі.   – Оқушылар екі ауысымда оқиды. Өткен жылы іргеден №47 орта мектебі ашылып, сонда 1000 бала,  70 мұғалім бөлінді. Әйтпегенде, бала саны 3000-нан асып жығылатын. Биыл сондай-ақ,  Сарытау шағынауданында  жаңа мектептің іргетасы қаланды.  Бұл біз үшін үлкен қуаныш, – деген мектеп директоры Сансызбай Кенжеков бала санының көптігі білім сапасына кедергі келтіретінін айтты.  Мектеп басшысының айтуынша, мектептен қашық, яғни Сарытау, Құс фабрикасы аудандарында тұратын оқушыларды тасымалдау жүйелі ұйымдастырылған. Осы бағытта 1000 балаға  7 бірлік автобус қарастырылған. Мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Оқушыларға асхана, медициналық пункт, психологиялық бөлме қызмет жасайды.

Жетістіктер жыл санап еселенуде
Заман ағымына орай мектеп алғашқылардың бірі болып «e-learning» электрондық оқыту жүйесіне еніп, жұмыс жасауда.   Мектеп ұстаздары мен шәкірттерінің жетістіктері жыл санап еселене түскен. ҰБТ қорытындысы бойынша 2014-2015 оқу жылында  үш бірдей мектеп түлегі  Жанат Қалқамжай, Ақмарал Есенғожина, Әйгерім Тұрғалиева «Алтын белгіні» иеленген. Рухани-адамгершілік тәрбие беруде сапалы еңбек ете білген мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Әбілова мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Айтқалиева ата-анамен байланысты күшейтіп, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай туғызып келеді.  Ағымдағы оқу жылында 127 оқушы «Жас ұлан» ұйымына қабылданса, «Жас қыран» ұйымы 40 оқушымен толыққан.
Іскер басшының еңбегі шебер ұстаздардан көрінер болса, майталман ұстаздар өздеріне сай білімді шәкірт, білікті маман даярлауда да әрқашан алда келеді. Ұстаз еңбегі – өлшеусіз дүние. Күні-түні тынбай тер төккен ұстаздар еңбегі мақтауға да, мақтануға да, марапаттауға да лайықты. Осы мақсатта алғыр шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардан, түрлі сайыстардан, жыр мүшәйраларынан, ғылыми жобалардан шашасына шаң жұқтырмай жүр. Таяуда қазақ тілінен өткен қалалық олимпиадада мектеп оқушысы Шынар  Қажетиярова  үздіктер қатарынан көрінсе, математика пәнінен Руфина Сахипова өз білімін дәлелдеді.  Қалалық Әбіш оқушылары байқауында Шынар Қажетиярова  3-орыннан көрінсе, қалалық «Тәуелсіздік тұғырым»  тақырыбындағы шығармалар байқауында Мөлдір Серікова 2-орын иеленген.  Ал 11 сынып оқушысы Азиза Қадемова осы деңгейдегі шығармалар байқауынан 2-орын, Алмаз Ғарифуллин  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген қалалық мәнерлеп оқу сайысынан 2-орын алған. Сондай-ақ республикалық қолөнер сайысында мектеп шәкірттері Аяжан Өмірзақова  бірінші орыннан көрінсе, Аружан Уапова екінші орынды қанжығалап, мектеп ұжымын ерекше қуантқан.  Осы орайда жас дарындарға даңғыл жол ашқан Лаура Елеусінова, Рая Тельманқызы, Лариса Әбішова, Медет Насыров, Гүлназ Дүйсенова секілді ұстаздардың еңбегі бір төбе. Білім ұясында  облыстық, қалалық  семинарлар мен әдістемелік күндер өткізіліп,  тәжірибелер насихатталып келеді.
Сондай-ақ қаланың шетінде елеусіз жатқан мектептің спорттың қай түрінен болмасын өзгелерден бәсі биік. Мектеп директоры Сансызбай Донбайұлы  оқушыларының 43 пайызы спорт секцияларына қатысып, түрлі додаларда топ жарып жүргенін мақтанышпен жеткізді.  Жас спортшылар футбол мен волейболдан, қазақша күрес пен бокстан халықаралық, республикалық деңгейде  бірнеше мәрте жоғары орындардан көрініп үлгерсе керек.

«Ай-Назбен» әлемге танылды 
Айта кету керек, Ахмет мектебінде 2009 жылы құрылған  «Ай-Наз» би ансамблі өнер сахнасында мың бұралған биімен көпшілік көрерменге танылып келе жатқан талантты ұжым.  2015 жылы бес жылдың есеп беру концертін өткізген  би ұжымы республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері. Жас бишілер түрлі шеберлік қластарына қатысып, сертификаттар алып үлгерген. – Мектепте хореография үйірме ретінде жүргізіледі. Үйірмеге мектепалды даярлық тобының кішкентайларынан бастап он бірінші сыныпқа дейінгі балалар қабылданады. Шын ниетімен, бар ерік жігерін биге арнаған бала ешқайда бұрылмайды. Бізде топтық билермен қатар жеке билер де қойылады. Мәселен, Сұлтанбек Гумаров есімді шәкіртім Қазақ Ұлттық хореографиялық академиясы колледжінің  3-курс студенті. Сол баланы «Ақ көгершін» халықаралық байқауында Тойған Оспанқызы көріп, оқуға шақырды. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Жалпы аталмыш академияда «Ай-Наздан» шыққан бес шәкіртім білім алуда, – деген би жетекшісі, хореограф  Гүлмейрам   Қуанышева  бишілерге талап өте жоғары екенін атап өтті. Бала он жерден дарынды болса да, тәртіп бірінші орында дейтін Гүлмейрам Әлібекқызының пікірінше, 99 пайыз жетістік еңбектің арқасында, 1 пайыз дарын болса жеткілікті. Талап қатаң. Үйірмеге келген 60-70 баланың тек он шақтысы ғана іріктеуден өтеді, сөйтіп сүт бетіндегі қаймақтары ғана қалады. Осылайша «Ай-Наздың» құрамына ену үшін шәкірттері біраз тер төгуге тура келеді екен.  Би өнеріне жаны құмар таланттардың бағын ашып жүрген Гүлмейрам бір кездері М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың хореография факультетін қызыл дипломмен тәмамдап университетте алты жыл ұстаздық етіпті. Бірақ қазақ балаларын сахнаға шығарып,  өзінің жеке ансамблін құруды көздеген ол 2009 жылы жоғары оқу орнындағы ұстаздық қызметін тастап, осы мектепке сұраныпты. Бүгінде қазақы ортада хореографияға деген жұртшылықтың тұрақты көзқарасын қалыптастырып үлгерген білікті маманға деген ата-аналардың, оқушылардың  құрметі ерекше. Жас дарындарды мектеп басшысы да үнемі қолдап отырады. Дегенмен, бишілердің жан-жаққа түрлі додаларға қатысу шығыны ата-аналардың қалтасына салмақ салады. Осы орайда демеушілер іздеп көргенімен, еш нәтиже шықпапты. Жақында республикалық «Жұлдызды би» байқауынан Гран При жеңіп алған «Ай-Наздықтарға» 5-9 қаңтар аралығында Дубайда өтетін халықаралық байқауға сертификат беріліпті. Алайда, жол қаражаты болмағандықтан, ұтымды сәтті жіберіп алған бишілер кімге өкпелерін білмейді. Алматы қаласында өткен VII республикалық «Асыл мұра» байқауының  бас жүлдегері,  республикалық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауында Гран-При жүлдегері, Астанада өткен «Звездный танец» байқауында Гран При иеленген би ұжымының талантына талайлар бас иген. Иә, бұл би ұжымының таяудағы жеңістері ғана. Бұдан өзге әр жылдары бағындырған белестері жетерлік. Биыл ХV «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы байқауында  би жетекшісі Гүлмерей Әлібекқызы «Үздік ұстаз» атанған.   2014 жылы халықаралық көркемөнерпаздар одағының мүшелігіне қабылданған.

«Басшысына қарай қосшысы»
Міне, «басшысына қарай қосшысы» дегендей, бүгінде ұжым мүшелері  ұйымшыл, уақытпен санаспайтын еңбекқор орта  болып қалыптасқан. Мектеп басшысының ең негізгі ұстанымы – оқушыны мұғаліммен бірдей танып, оның интелектуалдық, танымдық қабілеті мен іс-әрекетін дамытуды, қабілетіне қарай қосымша білім  беруді  шынайы қарым-қатынас арқылы  жүргізуді басты назарда ұстауы. Аталған нәтижеге жетудің басты себебі – Сансызбай Донбайұлының  басқаруындағы рухани қарым-қатынас, яғни мектептегі әрбір мұғалімнің озық істерін көре біліп, үлгі алып, бір-біріне тілекші болып, жақсы істерді ұжым игілігіне пайдалану дәстүрінің қалыптасуы деп түсінуге болады. Мектеп басшысының осындай қасиеттері арқылы ерекшеленгенін ұжым мойындаған.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
175 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
361 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
613 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
693 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
797 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
804 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
825 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
841 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
940 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1166 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1481 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1365 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1471 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1464 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1592 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1638 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1584 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1594 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1701 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде
30 Наурыз 2024
2158 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»