8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2018 2128 0
Спорт

Абзал Әжіғалиев: «Жанкүйерлер бізді түсінсе деймін»

Шорт-трек – еліміздегі ең жас спорттың бірі. Бұл спорт түрінен Қазақстанды әлемге танытқан біздің өңірдің шорттрекшілері екенін мақтанышпен айту керек. Әрі осы спорттан Қазақстан тарихында алғашқы алтын медальды иеленген жерлесіміз Абзал Әжіғалиев болатын. Әлем кубогы кезеңдерінің, Универсиаданың жүлдегері Абзалдың ХХІІІ қысқы олимпиададан кейін туған жеріне келген сәтін пайдаланып, аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз.

Санаулы күнге ғана үйіне келген ол бірер күннен кейін Астанада дайындығын жалғастырып, 27 наурызда басталатын Қазақстан чемпионатына қатыспақ.

– Абзал, спорттың бұл түрін таңдауыңа не түрткі болды?

– Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектепті бітіргенмін. Оған дейін М.Ықсанов атындағы №36 орта мектепте оқыдым. 4-сыныпта оқып жүргенімізде, шорт-тректен жаттықтырушы Мәдіғали Әбдіғалиұлы мектебімізге келіп, дене шынықтыру пәні мұғалімінен ең епті бес қыз бен ұлды таңдап беруін сұрады. Бірақ, бұл бестікке мен енбей қалдым. Сыныптастарым мұз айдынына барып жаттығып жүрді. Соларға еліктеп менің де коньки тебуге қызығушылығым оянды. Мұз айдыны ашылғаннан екі-үш жыл кейінгі уақыт еді. Алғаш конькиді аяғыма киіп, мұз айдынына шыққанымда, бұл спорттың менікі екенін шын сезіндім.

– Мұндай сенімділік 10 жасар балаға қайдан келді екен? Отбасың туралы айтып берсең.

– Отбасымда жалғыз баламын. Конькиден бұрын ролик тебуді үйрендім. Оны маған атам сыйлаған еді. Сол себепті шығар конькиді кигенде басқа балаларға қарағанда еркін тұрдым. Әрине, алғашында құлаған кездерім болды.

–  Ұстаздарың  таңдаған «ептілердің» қайсысы сен секілді кәсіби түрде спортпен айналысып жүр?

– Ешқайсысы.

– Ең алғашқы жетістігіңді еске түсіріп көрші.

–  Спортқа келгеннен кейін екі жыл өткен соң облыстық сайысқа қатысып алған жүлдем болатын. Онда медаль берілмеді. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым. Алғашқы жетістік болғаннан кейін ерекше қуанғаным есімде. Ал алғашқы медальді Ресейдің Мәскеу қаласында өткен жарыста иелендім. Ол уақытта көбіне Ресейде өтетін жарыстарға қатысып жүрдік.

– Жарыстағы жетістіктер, танымалдылық сені өзгертті ме?

– Жоқ, олай айтпас едім. Мен өз қалпымда қала беремін.

– Әңгімемізді Оңтүстік Кореяда өткен Олимпиадаға бұрсақ. Төрт жылдықтың басты додасының ашылуында еліміздің көк байрағын ұстап шығу үшін 46 спортшының ішінен өзіңді таңдады. Бұл хабарды алғаш естігенде қандай сезімде болдың?

–  Қатты толқыдым. Жаттығуда жүргенімізде телефоныма хабарлап айтқан болатын. Ол кезде біз Голландияда жаттығып жүрдік. Аға спортшыларымыз бар екенін ескеріп, бас тартқым да келді. Әрі бұл аса үлкен жауапкершілік екенін мойындау керек. Тарихи сәт жақындаған сәтте толқынысым күшейе түсті. Бірақ, олимпиаданың салтанатты ашылуы кезінде өзге елдермен қатар біздің құраманы таныстырып, ортаға шақырған кезде байтақ әлемге танылған елімнің ұланы екеніме мақтандым, еркіндікті сезіндім. Бойымды билеген қобалжу су сепкендей басылды.

– Бұған дейін талай жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүрдіңдер. Сол қуанышты сәттерге бой үйретіп алған жанкүйерлер олимпиадада өздеріңнен медаль күткенін жасыра алмаспыз. 

– Отандастарымыз бізді түсінеді деп сенемін. Жекелей сындағы жарыстар 1/8-ден басталды. Ал екінші күнгі жарысты ширек финалдан бастап, жартылай финалға өттім. Жартылай финалда өздеріңіз білесіздер, жүгіруімізді ортасынан тоқтатып тастады. Жарысты қайта бастауымызға тура келді. Осы аралықты демімді басып алуға мүмкіндік болмады. Бұл – спорт. Шешім солай болды. Ал негізінен жанкүйерлерден бұрын өзім де физикалық тұрғыдан, психологиялық жағынан жарысқа тың дайын болған едім.

– Жарыс кезінде спортшылардың жиі жарақаттанатыны белгілі. Өзің жарақат алып көрдің бе?

– Жарақат – спортта кең таралған. Бірақ спортшының жарақаттанбағаны жақсы. Өзім, шүкір, жарақат алып көрмедім және болмаса екен деп тілеймін.

– Жаттығуларыңыз қалай өтеді?

– Таңертеңгілік үш сағат, кешкілік үш сағатымыз жаттығуға арналады.

– Үнемі шетелдерде жаттығуларда, жарыстарда жүресің. Өзіңнің жеке өміріңе уақыт бөлесің бе? Туған үйіңде қаншалықты жиі боласың?

– Мен үшін қазіргі уақытта спорт аса маңызды. Жеке өмірге уақытым бола бермейді. Оралға жылына екі мәрте екі-үш күнге ғана келемін. Үйдегілер де осы режиміме үйреніп алған.

– Отбасың бұл спортқа қалай қарайды?

– Мен жеңсем де, сүрінсем де анам мені әркез қолдап отырады. Осы спортпен айналысып бастаған уақытта ол қарсы болған еді. Қаланың 4-ші шағынауданында тұрдық. Жаттығуға барып жүргенімді ұнатпайтын. Артық шығын дейтін. Өйткені сабаққа бару үшін де, жаттығуға бару үшін де жолақысына ақша кетеді. Анам базарда сауда жасады.  Бір өзіне қиын болғаны рас. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Жаттығуға бару үшін ертемен үйден шығып кететінмін.

– Басты мақсатың қандай?

– Біздің ортақ мақсатымыз – Олимпиадаға қатысып, медаль алу. Оған дейін Азия чемпионаты, Әлем біріншілігіне қатысатын боламыз. Жанкүйерлерді қуантар күндеріміз әлі алда.

–  Рахмет, Абзал. Жайық жұрты сіздермен әркез мақтанады. Байрақты бәсекелерде сәттіліктің серік болуын тілейміз.

Дайындаған Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
22 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
241 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
734 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1111 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1051 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1472 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2089 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2256 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2262 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2317 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1965 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2796 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2849 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2845 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3455 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3427 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3413 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3391 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3601 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»