«Ақжайықта» жергілікті ойыншылар көбейеді
«Ақжайық» футбол клубы келер жылы жас футболшылардың деңгейін арттыру, екінші құрама ашу жоспарын қойып отыр. Сондай-ақ Премьер лигаға қайта оралу да футбол клубының басты мақсаттарының бірі. 10 желтоқсан күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңғында өткен брифингте клуб директоры Азамат Шайхы өткен маусымның қорытындысы туралы айтып, алдағы жылдың мақсат-міндеттерімен бөлісті.

2019 жылы «Ақжайық» футбол клубы үшін 652 321 мың теңге қаржы бөлінген. Негізгі құрама командаға бұл қаржының 462 млн. теңгесі жұмсалған. Яғни, бұл ойыншылардың жалақысы мен оқу-жаттығу жиыны, іс сапар шығындары, экипировка, дәрі-дәрмек тағы да басқа қажетті заттарға бөлінген қаржы. Ал футбол орталығына 154 млн. теңге беріліп отыр.
Жалпы бюджеттен бөлінген қаржының 71 пайызы негізгі құрамаға, 24 пайызы футбол орталығына және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарға 6 пайыз қаражат жұмсалады екен. Футбол клубының директоры «ақжайықтық» футболшылардың жақсы ойыншы екенін дегенмен, премьер лигаға шығу үшін жақсы ойыншылардың қатарын толықтыру қажеттігін айтады. Ал оған қаржы мүмкіндік бермей тұр.
Әзірге орталықтағы жас ойыншыларды қатарын көбейтуге назар аударылуда. Қазір футбол орталығында 800-ге жуық балғын тұрақты жаттығып келеді. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштен әлдеқайда көп. Клуб басшылығының да, жанкүйрелердің де бар үміті – осы жас аяқдопшылар. Сондай-ақ биыл клуб жанынан қыздар командасы ашылды. Олар алғашқы ойыннан-ақ үздік сегіздіктің қатарына еніп, финалға шыққанын атап өту керек.
– Биыл футбол орталықтары мен академиялар арасындағы ойындарда аяқдопшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. 2001 жылғы балалар – қола медаль және 2007 жылғы балалар – күміс медаль алды. 2019 жылы бірінші рет ұйымдастырылған футбол орталықтары мен академиялар арасындағы Қазақстан біріншілігі Кубогында 2001 жылғы өрендер күміс медаль иеленді. Футбол орталығы тек Орал қаласында ғана емес, Бөрлі, Ақжайық, Сырым, Қаратөбе және Теректі аудандарында да жұмыс жасауда. Бұл бес ауданда жалпы саны 95 бала жаттығады. Балалар футболын дамыту мұнымен тоқтамайды. Өңірдің барлық ауданында орталық филиалын ашу көзделіп отыр, – дейді Азамат Ерболұлы
Биылғы жылға бекітілген даму бағдарламасына сәйкес клубтың екі бас демеушісі «InvestGlobalServices» және «BANEM» комапаниялары «Ақжайық» стадионында жасанды газон ауыстыру жұмысын бастады. Ал жабық футбол манежінің құрылысы келесі жылға қалып отыр.
Кәсіпқой клубтың басты бағдары жергілікті жастарды негізгі құрамға дайындау. Былтыр негізгі құрамның 28 пайызын жерілікті ойыншылар құраған болса, енді 49 пайызға жетіп отыр. 40 пайызы еліміздің басқа өңірлерінен, 11 пайызы легионер болмақ.
– Үш легионер бар. Олар – Украина, Хорватия, Бразилиядан келген футболшылар. Алдағы уақытта жергілікті ойыншыларға мүмкіндік берсек дейміз. Әзірге келер жылдың бюджеті бекітілген жоқ. Сондықтан ойыншылардың өзгеруі, қосымша легионер туралы нақты айта алмаймыз, – деді Азамат Ерболұлы.
Клуб директоры «Ақжайықтың» бюджетіне байланысты ашық айтуға дайын екенін айтқанымен, ойыншылардың жалақысы жасалған келісімшартқа байланысты жария етілмейтінін мәлім етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді

Кіру
Пікір үстеу