8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2019 4306 0
Қоғам

АҚ ЖАЙЫҚТАҒЫ ҮШІНШІ «АЛАШ»

Бүгін Алматы қаласындағы көркем әдебиет өкілдерінің қара шаңырағына айналған Қазақстан Жазушылар Одағының Әдебиетшілер үйінде Әдеби жыл қорытындысы жиыны өтіп, бір топ қаламгер Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің қолынан халықаралық «Алаш» сыйлығын алды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Алаш» сыйлығын иеленгендер қатарында жерлесіміз, ҚР Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Мира Шүйіншәлиева бар. Жайық әдебиетінің мерейін тасытқан «Алаш» сыйлығының жаңа иегерін облыс басшысы Алтай Көлгінов ұялы телефонмен батысқазақстандықтар атынан арнайы құттықтап, Ақ Жайықтан Алатауға ыстық сәлемін жолдады. Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев, Жайықтағы қаламгерлердің атынан ҚР Жазушылар Одағы  Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Ақұштап Бақтыгереева құттықтауын жеткізді.

Мира Хамзақызы – өңіріміздегі ақын-жазушылардан «Алаш» халықаралық сыйлығын иеленіп отырған үшінші қаламгер. 1992 жылдан бастап берілген сыйлықты Батыс Қазақстан облысынан бірінші болып, 2001 жылы «Тұман ішіндегі көш» романы үшін Мұқадес Есламғалиұлы алған екен. Жайықтың Ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгерееваға 2008 жылы беріліпті. Содан міне, араға 11 жыл салып, бұл «Алаш» сыйлығы Батыс Қазақстан өңірінен прозаик Мира Хамзақызына табысталып отыр.

– Өте қуаныштымын. Алғаш рет 1984 жылы анам Базарғаным Шүкірқызы өмірден өткенде «Сағыныш» атты тырнақ алды новеллам жарияланған болатын. Сол кезде бәрі маған «жазушы боласың» деп батасын берген еді. Сол уақыттан бері жүрегімнен, қаламымнан туған туындыларымның, шығармаларымның  еленгені деп есептеймін. Қоғам бар жерде әдебиет жасай береді. Әдебиеттің үні қаламгерлердің арқасында ғасырдан-ғасырға жетеді. Биылғы «Алаш» сыйлығын алғандардың көбісі үлкен ақын-жазушылар, жастар аз екен. Мен – солардың бірімін. Өйткені, мүйізі қарағайдай Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Қажығали Мұхамбетқалиев, Әнес Сарай сынды қаламгерлердің жанында біз балапан баламыз. Бір жылдың ішінде аз кітап шықпайды. Соның ішінде сүзгіден өтіп үздіктерінің қатарынан табылу – үлкен жетістік,– деп марапат иесі алғашқы әсерімен телефон арқылы бөлісті.

Айта кетейік, әдеби жыл қорытындысы жиынында өткен жылы атқарылған жұмыстар баяндалып, 2018 жылы шыққан көркем шығармалар талқыланды. Баяндамалардың толық мәтіні «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»