8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2019 2527 0
Қоғам

АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІНЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысы Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға алғашқы гуманитарлық көмекті жолдады.

Арыста орын алған төтенше жағдайға байланысты Орал қаласында гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашылған болатын.

– «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы Арысқа көмек шараларын қолға алды. Бұл іске «Жас Отан» жастар қанаты және бастауыш партия ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы үн қосуда. Қазақстан халқы әрқашан бірлігін көрсетіп келеді. 2011 жылы біздің өңірде су тасқыны болған уақытта еліміздің әр түкпірінен көмек алып, еңсемізді тіктедік. Сол сияқты арыстықтар да біздің қолдау-көмегімізді сезінсе дейміз,  – дейді Нұр Отан партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен.

Бүгін алғашқы жиналған гигиеналық заттар мен азық-түлік өнімдері және киім-кешек қос жүк көлігіне тиелді.

– 12 тонна макарон, 5 тонна ұн, 2,5 тонна күнбағыс майы, 1,6 тонна консерві, кондитерлік өнімдер 500 келі шұжық, тауық еті жиналды. Бұдан бөлек гигиеналық заттар, балалардың тамақтары мен жаялықтар бар. «Алтындар» дүкендер желісі балаларға тәттілер, Орал трансформатор зауыты 1 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 100 дана аяқ киім және жаздық киімдер алып берді, – дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақдәулет Ыбрайымов.

Бұл көмекті «Белес Агро», «Желаев нан өнімдері», «Теректі май комбинаты», «Кублей»,  «Жайық ет», «Орал трансформатор зауыты», «KazStepServices», «Батыс Продукт» компаниялары мен «Алтындар», «Жәңгір хан» сауда үйлері ұсынды.

Сондай-ақ облыс әкімшілігінен бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы, кәсіпорын қызметкерлері бір күндік жалақыларын облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аударуда.

Айта кету керек, Орал қаласында гуманитарлық көмек үш пунктте қабылданады. Олар Н.Назарбаев даңғылы, 188 (1-қабат, 101-кабинет), Қадыр Мырза Әли көшесі, 18 (3-қабат «Бастау» коворкинг орталығы), Ж.Молдағалиев көшесі, 19 (1-қабат, 109-кабинет) мекенжайларында орналасқан. Гуманитарлық көмекті қабылдау жұмыс аптасының соңына дейін, яғни 28 маусымға дейін жалғасатын болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»