«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАРАҒАНДЫҒА БАРДЫ
«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу жобасы аясында Шымкент және Орал қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қарағандыда болды. Бір жұма бойы жалғасқан экспедиция барысында аталған қаладағы химия-биология бағытындағы зияткерлік мектебінің ұжымы қызықты да мазмұнды бағдарлама ұсынды.

Экспедиция өкілдері облыс пен қаланың көрікті жерлерін аралап қана қоймай, «Фитохимия» өндірістік холдингі, қаладағы ірі сүт фабрикасы, Қарағанды қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Теміртау қаласында болды. Оқушыларға, әсіресе, Осакаровка ауданында орналасқан «Жансары» ат зауыты ұмытылмастай әсер қалдырған екен. Осы шаруашылықтың бас технологы Ганс Цольман жылқы шаруашылығындағы және құрғақ бие сүтін өндірудегі тәжірибесін оқушыларға түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, әр күннің соңында мектепте экспедиция мүшелері үшін түрлі шеберлік сағаттары, мазмұнды шаралар ұйымдастырылды.
– «Өсімдіктердің дәрілік қасиеттері» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізудемін. «Фитохимия» зауытына сапар барысында мамандар Орталық Қазақстанда өсетін жусаннан алатын дәрі-дәрмектермен таныстырып, өңделу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар дәрі-дәрмектерді тексерістен өткізу сатыларымен таныстым. Экспедиция барысында алған білімім мен тәжірибем болашақта өз пайдасын беретініне сенемін, – дейді Оралдағы Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушысы Әлия Мамбетова. Экспедиция мүшелерінің айтуынша, бұл сапардан олар өмірлік тәжірибе, жұтамас рухани азық жинады. Оның ішінде өңірдің тарихына бойлай алды, халқымыздың салт-дәстүрлерін тереңірек тани түсті, жергілікті өлкенің табиғатын тамашалады.
Айта кетейік, «Туған елге тағзым» – өскелең ұрпақтың бойында өз елінің әр тау-тасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған жоба. 2012 жылы бастау алған жоба аясында еліміздің әр қаласындағы зияткерлік мектептердің оқушылары Қазақстанның түрлі аймағына саяхат жасауға мүмкіндік алды.
Орал қ.НЗМ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Кіру
Пікір үстеу