ОРАЛДА ТАҒЫ БІР АПАТТЫ ҮЙ СҮРІЛЕДІ
Оралдағы Құрманғазы көшесі 82 мекенжайындағы қос қабатты үй сүріліп, орнына жаңа нысан салынады.
Аталмыш мекенжайдағы тұрғын үй бір ғасырдан астам уақыт, яғни 135 жыл бұрын салынған. Ал 60-70 жыл ішінде үйге жөндеу жасалмаған екен.
– Үйдің тұрғындарымен кездестім. Оны сүріп, орнына жаңа нысан саламыз. Одан әрі бұл көшені абаттандыру жалғасады. Ескі үйлерді сүру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша 5 жылдық жұмыс бағдарламасын қабылдадық. Бес жыл ішінде Оралымыз дамып, көркейе түсетін болады, – деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Пікір үстеу