«Мұқадес – Мәңгі өлмейтін жазушы!»
«Әдебиет – тарих, ғылым, өмір айнасы, жан азығы». Ата-баба, өткен қауымдар қалдырған абзал құралды, сөз өнерін кейінгі ұрпаққа мәпелеп жеткізу жолында оннан астам көркем прозалық кітаптар жазып, қамшының сабындай қысқа ғұмырында әдебиет өнеріне айшықты із қалдырған белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиев болатын. Туған өлкенің парасатты перзентіне, қарымды қаламгеріне, ұлт мақтанышына айналған Мұқадес Есламғалиұлының 70 жылдығын Ақ Жайық атырабы, барша батысқазақстандықтар жоғары деңгейде атап өтті. Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында басталған мазмұнды, мағыналы, тағылымды іс-шаралар ертеңгі күні Сырым ауданы орталығында жалғасты.
«Сырым шыққан төбенің» тұсынан шақырулы меймандарды Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков қарсылап, жазушының кіндік қаны тамған киелі жерге «қош келдіңіз» айтты. Аудандық мәдениет үйінде «Тарих тамырынан нәр алған жазушы» атты еске алу кеші өтті. Халқымыздың тарихына орасан із, бай мұра қалдырған Мұқадес Есламғалиұлын ұлықтауға арналған облыстағы осынау әдеби іс-шараларға жазушының асыл жары Мұхсина Әбуқызы және елімізге танымал бір топ қаламгерлер – Жұмабай Шаштайұлы, Көпен Әмірбек, Ақұштап Бақтыгереева, Жанарбек Әшімжан арнайы қатысты.
Мұқадес Есламғалиев. Бұл есімді айбынды алаш жұрты жақсы біледі. Ақ Жайықта туып, оқып, өсіп-өніп, Алматы қаласына барып әдеби ортада өндіріп повестер мен романдар жазып, еліміздің өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосқан азамат. Дарынды жазушы. Ұзақ жылдар Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарып, шалқар шабытын шыңдап, бүгінгі ұрпаққа мол мұра қалдырған қарымды қаламгер. Сондықтан да біздің Батыс Қазақстан облысы халқы, зия-лы орта Мұқадестей қаламгерімен мақтанады, марқаяды! Соның дәлеліндей, 26-27 сәуір күндері өңірде Мұқадес Есламғалиевтің туғанына 70 жыл толуына арналған әдеби іс-шаралар лек-легімен өтті. Жазушыға сонау Алатаудың бөктерінен республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, бірнеше прозалық кітаптардың авторы, танымал жазушы Жұмабай Шаштайұлы, «Көпен келе жатыр» деген атымен елге мәлім сатирик, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбек, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, азулы ақын Жанарбек Әшімжандардың келуі – Мұқадес Есламғалиевтің еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне өшпес із қалдырғанын, оның шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берерін дәлелдей түседі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Кіру
Пікір үстеу