8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қараша 2026 64 0
«Әділет» партиясы

БОЛАШАҚ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ

«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Гүлбаршын Мұштанова мен Асланбек Рахметов «Стекло-Сервис» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Өндіріс орнында өткен басқосудың негізгі тақырыбы – партияның «Әділетті болашақ үшін!» атты 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары болды.

Кездесуде Гүлбаршын Мұштанова азаматтық белсенділік пен цифрландыру мәселелеріне тоқталды. Қатысушылар заманауи технологиялар мен жасанды интеллектінің қоғам өміріндегі рөлін талқылап, кез келген инновацияның түпкі мақсаты адамға қызмет ету екенін атап өтті. Өйткені технология қаншалықты дамыса да, оның тиімділігі адам біліміне, кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігіне байланысты.

Спикердің айтуынша, партияның «Цифрлық мемлекет» бағыты аясында ауылдық елді мекендерде интернет пен мобильді байланыстың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және Batys Hub алаңында IT бағыттары бойынша оқыту көзделген. Сонымен қатар мектептер мен колледждерде жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамыту, 2031 жылға дейін отбасылардың 60 пайызын «Цифрлық ата-ана» курстарымен қамту жоспарланған.

Бұдан бөлек, спикер адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, отбасылар мен жастарды қолдау мәселелеріне кеңінен тоқталды. Бағдарламада қосымша 7 400 балабақша орнын ашу, мектептерде 9 820 оқушы орнының құрылысын қамтамасыз ету, 13 мектепке күрделі жөндеу жүргізу, 26 STEM кабинетін жабдықтау және 2 620 маманды жұмыспен қамту кепілдігімен даярлау міндеттері қамтылған.

Денсаулық сақтау саласында да ауқымды жоспарлар бар. Атап айтқанда, 2031 жылға дейін Орал қаласында 550 орындық көпбейінді аурухана мен 200 орындық перинаталдық орталық салу, ауылдық жерлерде 36 медициналық нысан тұрғызу, 7 диагностикалық орталық ашу және 48 медициналық нысанды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген. Сондай-ақ Деркөл кентінде дәрігерлік амбулатория, патологиялық-анатомиялық бюро және жедел жәрдем қызметінің ғимаратын салу жоспарланып отыр.

Кездесуді жалғастырған Асланбек Рахметов өмір сапасы тек ауқымды мемлекеттік бастамаларға ғана емес, әр азаматтың қоғамдық ортаға деген жауапкершілігіне де байланысты екенін атап өтті. Оның сөзінше, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді күнделікті мәселелер де халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді.

– Партияның мақсаты – облыстың әрбір тұрғыны үшін лайықты өмір сүру жағдайын қалыптастыру, өңір экономикасын дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді ол.

Сондай-ақ «Заң және тәртіп» бағыты аясында 2027–2028 жылдары 3 100 бейнебақылау камерасын орнату, ал 2029 жылға дейін Орал қаласы мен облыстың алты ауданында көшелерді жарықтандыруды қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл бастамалар қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

«Күшті өңірлер – қуатты ел» бағыты бойынша коммуналдық желілердің тозу деңгейін 59,3 пайыздан 53,5 пайызға дейін төмендету, облыстық және аудандық маңызы бар шамамен 1 000 шақырым автомобиль жолын жөндеу, жергілікті жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 77,5 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар 2031 жылға дейін 3,97 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Ал «Әділетті әрі бәсекеге қабілетті экономика» бағыты аясында 2031 жылға дейін субсидияланатын 19 700 жұмыс орнын құру, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде «Іскер аймақ» бағдарламасы арқылы қолдау алатын жобалар санын жылына 61-ге дейін жеткізу міндеттері белгіленген. Бұған қоса, «Еуразия» индустриялық-логистикалық хабын және Орал қаласында сауда-логистикалық орталығын іске қосу, «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 532 шағын несие беру қарастырылған.

Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылары да өздерін қызықтырған мәселелерді ортаға салып, бағдарламаның жекелеген бағыттары сауал жолдады. Әсіресе балабақшалар салу мен тұрғын үй құрылысына қатысты жоспарларға қызығушылық танытты.

Басқосу соңында штаб өкілдері еңбек ұжымына уақыт бөліп, пікір алмасуға қатысқаны үшін алғыс айтып, барша азаматты 29 қарашада өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
БОЛАШАҚ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ
10 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
283 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
324 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
352 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
549 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»