8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қараша 2026 70 0
«Әділет» партиясы

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ БӘЙТЕРЕКТІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Басқосуда өңірді дамытудың алдағы бес жылға арналған басым бағыттары таныстырылып, ауыл халқын толғандырған мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Кездесуге облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Бауыржан Бектұрған, штаб мүшелері Бауыржан Жантілеуов, Шолпан Құспаева, Дидар Қойбағарова қатысты.

Алғашқы болып сөз алған штаб төрағасы Бауржан Бектұрған партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның өңір тұрғындарының ұсыныстары мен елді мекендердегі өзекті мәселелерді ескере отырып әзірленгенін атап өтті.

– Біз сайлауалды бағдарламаны кабинетте отырып жасаған жоқпыз. Облыстың аудандары мен елді мекендерін аралап, тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдадық. Себебі әр ауылдың өзіндік мәселесі бар. Сол мәселелерді назарға алып, оларды шешуге бағытталған ұсыныстарымызды партияның бағдарламасына енгіздік. Біздің басты ұстанымдарымыз – әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, патриотизм және прогресс. Бұл қағидаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бастамаларымыздың негізіне айналды, – деді ол.

Сондай-ақ штаб төрағасы өңірдің дамуы үшін маңызды жол және көлік логистикасы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен әлеуметтік инфрақұрылым бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту, ескірген мәдениет үйлерін жаңғырту және жаңа әлеуметтік нысандар салу қажеттігін жеткізді.

Ал штаб мүшесі Шолпан Құспаева халықтың тұрмыс сапасын арттыру әлеуметтік саясаттың басты бағдары болуы керектігін айтты. Білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі, әлеуметтік қолдау және баршаға қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударды. Әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау, медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызын атап өтті.

– Әр адамның артында өзінің өмір жолы, еңбегі мен таңдауы бар. Мен де осы күнге дейін білім беру саласында жиырма жыл еңбек еттім. Қоғамдық кеңес пен Халық кеңесінің мүшесі ретінде де ел ішіндегі мәселелермен таныспын. Сондықтан бүгінгі кездесуге тек сайлауалды штабтың мүшесі ретінде емес, осы өңірдің тұрғыны ретінде де келіп отырмын. Халықтың сапалы білім алып, қолжетімді медициналық көмекке жүгініп, бейбіт әрі жайлы ортада өмір сүруі – баршамызға ортақ мақсат, – деді Шолпан Нәсиболлақызы.

Оның айтуынша, әлеуметтік саясаттың тиімділігі тек экономикалық көрсеткіштермен емес, азаматтардың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістермен өлшенуі тиіс. Осы орайда халықтың табысын арттыру, алғашқы медициналық көмекті жетілдіру және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары да өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, әлеуметтік сала, қоршаған ортаны қорғау және ауылдық инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Тұрғындар үшін елді мекеннің жайлылығы мен күнделікті тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін мәселелерді шешу ерекше маңызға ие екені айтылды.

Басқосу аясында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның электронды нұсқасына QR-код арқылы қол жеткізу жолы көрсетілді. Штаб өкілдері бағдарламада белгіленген бастамалардың алдағы бес жылға бағытталғанын айтып, тұрғындарды сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
БОЛАШАҚ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ
10 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
283 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
324 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
352 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
549 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»