8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қараша 2026 50 0
«Әділет» партиясы

ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды көшпелі штабының жұмысы Жаңақала ауданында жалғасты. Жиынға партияның облыстық сайлауалды штабы басшысының орынбасары Азамат Сафималиев, штаб мүшелері Әліби Баяхов, Ербол Салықов, Яна Лұқпанова қатысып, елді мекендердің ертеңіне тікелей әсер ететін түйінді мәселелерді ортаға салды.

Басқосуда ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігіне оң өзгеріс әкелетін нақты басымдықтарға екпін берілді. Азамат Сафималиев Жаңақаланың дәстүрлі мал шаруашылығын заманауи өңдеу өнеркәсібімен ұштастырудың стратегиялық маңызына тоқталды. Партия ұсынған бағдарлама аясында 2031 жылға дейін бизнес-идеяларды қолдау мен несиелерді субсидиялауға 14,6 миллиард теңге бағытталып, жыл сайын кемінде 6,9 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Мұнымен қоса, жұмыспен қамту картасы арқылы ауыл азаматтарын сұранысқа ие кәсіптерге баулу ісі де үздіксіз жүргізілетін айтты.

Штаб спикерлері ауыл өмірін кешенді жаңғыртудың өзге де маңызды буындарына назар аударды. Цифрландыру бағытында елді мекендердегі интернет сапасын көтеріп, қызметтерді қолжетімді ету, білім беруде сапалы мектептер мен балабақша орындарын көбейтіп, ауыл мен қала оқушылары арасындағы алшақтықты жою межеленген.

Инфрақұрылым саласында сапалы жолдар мен тозығы жеткен коммуналдық желілерді жаңарту міндеті қойылса, медицинада ауылдық емдеу мекемелерін заманауи құралдармен жабдықтап, білікті дәрігерлерді тұрақтандыру шаралары баяндалды. Бағдарлама шеңберінде 2031 жылға дейін облыс бойынша 17 мәдениет нысаны жөнделіп, бой көтереді, сондай-ақ ауылдық кітапханалар мен мәдениет үйлерінің материалдық базасы жаңартылады.

Кездесу соңында жаңақалалықтар көкейде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. «Әділет» партиясы үшін басты бағдар – еңбек адамының абыройын арттырып, әрбір ауылдың тұрақты дамуына шынайы серпін беру.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
107 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
152 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
189 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»