8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қараша 2026 53 0
«Әділет» партиясы

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қоғамның саяси белсенділігі артқан тұста халықпен ашық диалог орнату, елді толғандырған мәселелерді ортаға салып, олардың шешілу жолдарын талқылау сайлау науқанының маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені саяси бағдарламаның салмағы онда жазылған уәдемен ғана емес, халықтың нақты сұранысына қаншалықты жауап бере алатынымен өлшенеді.

Осы бағытта «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды штабы Казталов ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. С. Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен кездесуге аудан тұрғындары қатысып, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен танысты.

Кездесуде облыстық сайлауалды штаб өкілдері партияның алдағы бес жылға арналған басым бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, штаб төрағасының орынбасары Азамат Сафималиұлы Сафималиев, штаб мүшелері Абылай Махамбетұлы Бақтығалиев, Ерлік Мерекеұлы Шамғали және Елжас Мирболатұлы Қуанышқали партияның негізгі ұстанымдары мен сайлауалды міндеттерін ортаға салды.

«Әділет» партиясының бағдарламасы бес басты қағидатқа негізделген. Олар әділеттілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, патриотизм және прогресс. Бұл ұстанымдар заң мен тәртіпті нығайту, тиімді мемлекеттік институттар қалыптастыру, өңірлерді дамыту, әділ әрі бәсекелі экономика құру, цифрлық мемлекет қалыптастыру, әлеуметтік ынтымақ пен адам әлеуетін арттыру бағыттарымен сабақтасады.

Облыстық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Азамат Сафималиев өз сөзінде партия бағдарламасының басты мақсаты өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

— Біз үшін сайлауалды бағдарлама – жай ғана міндеттер мен көрсеткіштер жиынтығы емес. Оның түпкі мақсаты – адамға қолайлы орта қалыптастыру, әр отбасының әл-ауқатын арттыру және ауыл мен қала арасындағы даму мүмкіндіктерінің алшақтығын азайту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, цифрландыру және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру міндеттері айқындалды. Бұл міндеттерді орындауда өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалану айрықша маңызды. Ауылға инвестиция келіп, өндіріс дамып, тұрақты жұмыс орындары ашылғанда ғана ауылдың болашағына деген сенім нығаяды. Сондықтан біздің мақсатымыз халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, оны нақты жұмысқа айналдыру, – деді Азамат Сафималиұлы.

Партияның Батыс Қазақстан облысына арналған 2026–2031 жылдардағы сайлауалды бағдарламасында да өңірлік дамуға қатысты бірқатар нақты межелер белгіленген. Атап айтқанда, 3 100 бейнебақылау камерасын орнату, 3,97 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 1 000 шақырым жол салу және жөндеу, жыл сайын 6 900 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Сонымен қатар қалдықтардың 40 пайызын қайта өңдеу арқылы экологиялық ахуалды жақсарту міндеті қойылған.

Ал ауылдардың дамуы мәселесіне келгенде, ең алдымен, жол, ауызсу, газ, интернет, әлеуметтік нысандар және тұрақты жұмыспен қамту мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Ауылдың әлеуетін арттыру үшін мемлекеттік қолдаумен қатар, жеке инвестиция мен жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға да басымдық берілуі қажет. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Жолдауында айқындалған ауыл экономикасын жандандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау міндеттері партия бағдарламасындағы өңірлік даму басымдықтарымен өзара үндеседі.

Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Облыстық штаб өкілдері көтерілген мәселелерге қатысты түсініктемелер беріп, партияның сайлауалды бағдарламасында қарастырылған бағыттарды түсіндірді.

Саяси науқанның мәні – тек сайлаушылардың таңдауына ие болу емес, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдау, айтылған ұсыныстарды ескеру және олардың шешілуіне ықпал ету кез келген саяси күштің басты өлшемі.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
97 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
140 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
179 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»