8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2026 23 0
Жол / Құрылыс

Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша Орал қаласындағы Наурызғали Сыдықов көшесінің бойында облыстық жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

Жоба бұрын осы аумақта орналасқан бір қабатты ескі ғимараттың орнына заманауи талаптарға сай жаңа нысан салуды көздейді. Жаңа ғимарат жедел медициналық көмек қызметінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және тиісті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, нысанның жалпы ауданы 3 926 шаршы метрді құрайды. Ғимарат үш қабатты болып жобаланған, сондай-ақ жертөле қабаты қарастырылған.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында жер жұмыстары аяқталып, іргетас астына бетон дайындау қабатын құю жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын «АЛТИМ» Құрылыс фирмасы» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына сәйкес, құрылыс жұмыстарының нормативтік мерзімі 11 айды құрайды.

Нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың III тоқсанына жоспарланған.

Жаңа әкімшілік ғимараттың салынуы облыс орталығындағы жедел медициналық көмек қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және медициналық қызметті ұйымдастыру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
87 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
82 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
138 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
173 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»