8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қыркүйек 2026 43 0
Таза Қазақстан

Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Орал қаласында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына облыс әкімі Н.Төреғалиев пен қала әкімі М.Байменов бастаған 1500-ге жуық қала тұрғыны, жастар, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері және белсенді азаматтар қатысты.

Сенбілік барысында қаланың 7 аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 70 текше метрге жуық қоқыс жиналып, арнайы техниканың көмегімен шығарылды.

Сонымен қатар қала аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Солтүстік-шығыс шағын ауданындағы жаңа тынымбақ аумағына 26 ағаш отырғызылды. Оның ішінде 21 қайың және 5 шырша бар.

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды абаттандыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарды жандандыру мақсатында өткізілді. Мұндай бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған қаланың тазалығы мен көркеюіне ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
209 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
397 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
384 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»