ЖАҢА МЕКТЕП – АУЫЛ БОЛАШАҒЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
Қаратөбе ауданындағы Сәуле ауылының оқушылары жаңа оқу жылын жаңа білім ордасында қарсы алады. Жақсыбай негізгі орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға беріліп, ауыл балаларына заманауи талаптарға сай білім алуға мүмкіндік жасалды.
Жаңа мектептің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтады.
– Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау – мемлекетіміздің стратегиялық міндеттерінің бірі. Соңғы үш жылда өңірімізде 30 мектеп жаңадан салынды. Биыл тағы 7 шағын жинақты мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл – ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған нақты жұмыстардың нәтижесі, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі ауыл тұрғындарына ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқандары үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік нысанды уақытында әрі сапалы тұрғызған құрылысшыларға Алғыс хат табыс етті.
Жақсыбай негізгі орта мектебінің тарихы жарты ғасырдан астам уақытты қамтиды. Білім ордасы 1973 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылып, 1991 жылы негізгі мектеп мәртебесіне ие болған. Ұзақ жылдар бойы пайдаланылған бұрынғы ғимараттың тозуына байланысты жаңа нысан салу қажеттілігі туындаған.
Енді ауыл оқушылары 60 орынға арналған заманауи ғимаратта білім алады. Мектеп KPO b.v. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында бой көтерген.
Жаңа білім ордасында оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Мұнда 10 оқу кабинеті, 2 шеберхана, кітапхана, асхана, мәжіліс және спорт залдары бар. Балалардың қауіпсіздігі де назардан тыс қалмаған. Мектепке 62 бейнебақылау камерасы орнатылып, кіреберіске турникет қойылған.
Білім ошағының ауласы абаттандырылып, балалар ойын және спорт алаңдарымен толықты. Бұл ауыл балаларының сабақтан тыс уақытта да уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне мүмкіндік береді.
Салтанатты шарада ауыл тұрғындары жаңа мектептің елді мекен үшін маңызы зор екенін атап өтіп, жас ұрпаққа жасалған жағдайға ризашылықтарын білдірді.
Жаңа оқу жылында Жақсыбай негізгі орта мектебінде 69 оқушы білім алып, оларға 29 педагог сабақ береді. Осылайша ауылдағы білім ордасы жаңа ғимаратпен ғана емес, балалардың сапалы білім алуына бағытталған жаңа мүмкіндіктермен толықты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту

Кіру





