8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2026 1316 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-да жылыту маусымына дайындық 96%-ға жетті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы туралы» заң жобасы және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды. Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.

 

Отырыста өңірлердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен бюджеттік жоспарлау барысы сараланды. Батыс Қазақстан облысының 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жобасы белгіленген талаптарға сәйкес әзірленуде. Қазіргі уақытта қажетті мәліметтер жинақталып жатыр. Жобаны 15 қыркүйекке дейін бюджет комиссиясына, 1 қазанға дейін облыс әкімдігіне енгізу көзделген. Тиісті келісімдерден кейін құжат мәслихаттың қарауына ұсынылады.

Өңірдегі экономикалық ахуал да оң сипатта. Қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,9%-ға артқан. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3%-ға өскен. Құрылыс саласында да өсім бар: орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 17,3%-ға көбейіп, 265,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ішкі сауда мен жұмыспен қамту салаларында да тұрақты даму үрдісі қалыптасып отыр.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық. Облыста бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандардың 96%-ы жылыту маусымына дайын. Дайындық жұмыстары 2 320 көппәтерлі тұрғын үйді қамтыды. Бюджеттік ұйымдарға қажетті көмірдің 95%-ы жеткізілді.

Коммуналдық инфрақұрылым нысандарын қысқы кезеңге дайындау жұмыстары да жалғасуда. Электр желілерінде 947 шақырым, газ желілерінде 358,7 шақырым, жылу желілерінде 15,6 шақырым, сумен жабдықтау және су бұру желілерінде 9,5 шақырым жұмыс орындалды.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі жауапты құрылымдарға жылыту маусымына дайындықты белгіленген мерзімде толық аяқтауды тапсырды. Анықталған мәселелерді жедел шешіп, әлеуметтік нысандардың, тұрғын үй қорының және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның қысқы кезеңге әзірлігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
92 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
143 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»