8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2026 392 0
Өңір жаңалықтары

Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-бақылау мәселелері талқыланды

24–26 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-бақылау: заңнамалық негіздер, әдеп стандарттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті.

Screenshot

Іс-шараға облыстық ветеринария басқармасының аумақтық ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аудандардағы мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт және басқа да салалардағы ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-бақылаудың негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және комплаенс рәсімдерін тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Оқыту барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов және Мемлекеттік басқару академиясының лекторлары қатысушыларға комплаенс-бақылау тетіктерін ұйымдастырудың практикалық аспектілерін түсіндірді.

Қатысушыларға квазимемлекеттік ұйымдардың қызметінде кездесуі мүмкін жағдайлар бойынша практикалық кейстер ұсынылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, ұйымдарда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күнделікті жұмыс барысында тиімді қолдану мәселелеріне назар аударылды.

Семинар квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің комплаенс-бақылау саласындағы білімін жетілдіруге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын арттыруға бағытталды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
92 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
143 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»