ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ӘЗІРЛІК: НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірдегі білім беру нысандарының дайындығы пысықталып, алдағы кезеңнің басты міндеттері белгіленді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысына облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық байланыс арқылы қатысты.
Алдағы оқу жылында облыстағы 382 мектепте 128 мыңға жуық оқушы білім алады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1-сынып оқушыларының саны – 11 689. Балаларды әлеуметтік қолдауға 435 млн теңге қарастырылса, оқулықтармен қамтуға 3,1 млрд теңге бағытталды.
Білім беру нысандарының материалдық базасын жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. Реновация бағдарламасына 86 мектеп енгізілген. 2023 жылдан бері 30 жаңа мектеп ел игілігіне берілсе, биыл тағы 8 шағын жинақты мектептің ашылуы жоспарланған.
Колледждерде де жаңа оқу жылына дайындық қарқынды. Қазіргі таңда 35 колледжде 15 мың студент кәсіби білім алып отыр. Биыл 4 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлініп, оның 55 пайызы техникалық бағыттағы мамандықтарға берілді.
Білім беру жүйесін цифрландыруға, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға басымдық берілуде. Бұл бағытта 12 жоба іске асырылып, 25 мыңнан астам педагог пен білім алушыны қамтыды. Сонымен қатар 18 440 мұғалім Daryn AI Ustaz бағдарламасы бойынша арнайы дайындықтан өтті.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. 328 мектепте буллингтің алдын алуға бағытталған бағдарламалар енгізіліп, олармен 122 мыңнан астам оқушы қамтылды. Ал 413 білім беру ұйымы қажетті қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталған.
Жиын қорытындысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев жаңа оқу жылына дайындықты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Әсіресе мектептердегі құрылыс және жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі талапқа сай орындалуына бақылауды күшейтуді міндеттеді. Сонымен бірге балалардың қауіпсіздігіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударуды жүктеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту

Кіру
