8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Тамыз 2026 423 0
Қалалықтар қаперіне

Оралда жылыту маусымына дайындық күшейтілді

Орал қаласында алдағы жылыту маусымына әзірлік жұмыстары пысықталуда. Осы мақсатта қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев жатақхана үлгісіндегі бірқатар көппәтерлі тұрғын үйді аралап, нысандардың қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

Сапар барысында тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің жай-күйі, жылыту жүйелерінің әзірлігі және үйлерді басқару мәселелері қаралды.

Сарайшық көшесі, 79/2 мекенжайындағы 21 пәтерлі үйде тұрғындар тікелей бірлесіп басқару тәсілін таңдаған. Қазіргі уақытта нысан жылыту маусымына дайын.

Масин көшесі, 48 мекенжайындағы тұрғын үйде басқару нысаны белгіленбеген. Дегенмен тұрғындар арасынан жауапты тұлға бекітіліп, үйдің жылыту маусымына дайындығы қамтамасыз етілген.

Ал Чурин көшесі, 119 мекенжайындағы 222 пәтерлі үйде жылыту маусымына дайындықты әлі де жалғастыру қажет. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары «Жайық жылу қуат» АҚ мамандарымен бірлесіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қала әкімінің орынбасары Жандос Асхатұлы жауапты тұлғаларға анықталған мәселелерді белгіленген мерзімде шешіп, нысандардың қысқы кезеңге сапалы әрі уақытылы әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қала аумағындағы тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы алдағы уақытта да назарда болады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
92 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
143 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»