8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Тамыз 2026 411 0
Қалалықтар қаперіне

Қала келбетін көркейтуге жаңа қадам

Орал қаласында шаһардың сәулеттік тартымдылығын арттыруға бағытталған жұмыстар қолға алынды. Соның бірі – орталықтағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңартып, оларды түнгі уақытта көркем жарықтандыру жобасы.

Жоспарға сәйкес қала орталығындағы көзге түсетін биік тұрғын үйлердің қасбеттеріне жарықтандыру элементтері орнатылмақ. Жалпы жоба аясында 15-ке жуық көпқабатты үйді жарықтандыру көзделген. Қазір бірқатар нысанда жұмыстар басталып кетті.

Жаңа жарықтандыру жүйесі ғимараттардың сәулеттік ерекшелігін айқындап қана қоймай, түнгі уақытта қаланың ажарын аша түспек. Бұл ретте жоба Оралдың заманауи әрі жинақы сәулеттік бейнесін қалыптастыруға бағытталған.

Қала аумағын көркейту, қоғамдық орындарды жаңарту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға арналған абаттандыру шаралары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
93 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
144 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»