БҚО-да Құрылтай сайлауына әзірлік барысы қаралды
Батыс Қазақстан облысында алдағы Құрылтай сайлауын өткізуге бағытталған ұйымдастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Дайындық барысы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов жетекшілік еткен кеңесте талқыланды. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
Сайлау науқанына өңір бойынша 488 учаске дайындалуда. Оның 236-сы білім беру ұйымдарында, 192-сі мәдениет нысандарында, 28-і денсаулық сақтау мекемелерінде, 15-і спорт нысандарында орналасқан. Қалған 17 учаске әлеуметтік және басқа да нысандарда жұмыс істейді. Дауыс беру құқығы бар 450 мыңнан астам тұрғынға сайлауға шақыру қағаздары таратылған.
Сайлау комиссияларының жұмысына да ерекше мән беріліп отыр. Жалпы саны 3224 комиссия мүшесінің 95 пайызында саяси науқандарды өткізу тәжірибесі бар. Бұған қоса аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері аудан орталықтарында көшпелі оқыту семинарларын өткізіп, кәсіби дайындықтарын жетілдірді.
Жиында сайлау үдерісіне барлық азаматтардың тең қатысуына жағдай жасау мәселесі де сөз болды. Осы мақсатта учаскелердің кіреберістеріне пандустар, шақыру батырмалары мен тактильді жолақтар орнатылған. Дауыс берушілерге ыңғайлы болуы үшін ым-ишара тіліндегі бейнематериалдар мен аудиоақпарат та қарастырылған.
Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевтің мәліметінше, өңірде мүгедектігі бар 2324 сайлаушы тіркелген. Олардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін барлық учаске бірінші қабатта орналасқан. Сайлау күні 55 инватакси мен сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді.
Кеңес барысында қоғамдық тәртіпті сақтау мен сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмады. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов өңірдің сайлауға дайындығына оң баға беріп, жас сайлаушылар клубы мүшелерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жүргенін атап өтті.
Сондай-ақ саяси науқанға шетелдік байқаушылардың қызығушылығы артып отырғаны айтылды. Жауапты органдарға сайлауды заң талаптарына сәйкес ұйымдастырып, дауыс беру күнінде тиісті тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер белгіленді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту

Кіру


