«Atamnyn Amanaty» Қоғамдық Бірлестігі өтініштер қабылдайды
Құрметті отандастар, ардақты ағайын!
«Atamnyn Amanaty» Қоғамдық Бірлестігі – еліміздегі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткендерді іздеумен және архивтік, далалық зерттеулермен айналысатын бірден-бір ұйым. Біз соғыс жылдары жоғалып кеткендерді іздеу, жауынгерлік жолды анықтау бойынша өтініштерді қарқынды түрде қабылдаймыз.
Соңғы уақыт ішінде бізге 12 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде 4500-ден астамы орындалды. Ай сайын орта есеппен 50-ге жуық өтінішті қарастырамыз.
Егер сіз де соғыс жылдарында жоғалып кеткен туыстарыңызды іздесеңіз, төменде көрсетілген байланыс нөмірлері немесе арнайы құрылған сайт сілтемесі арқылы өтініш бере аласыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар – онда біз ұйымымыздың қызметі мен барлық іс-шараларымызды жариялап отырамыз. Жаңалықтардан хабардар болу үшін жазылуларыңызға болады. Барлық парақша сілтемелері төменде көрсетілген.
Біздің ұйым ақысыз жұмыс істейді. Сіздердің батыр аталарымыз бен ағаларымыздың ерлігі ескерусіз қалмауы үшін, бейбіт өмір сыйлаған боздақтарды табу жолында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз!
Өтініш қабылдаушылар:
Марфуза Сулейменова, +7-776-828-45-34 ватсап;
Сагымбаева Алия Нурпаевна 8-701-999-78-20, ватсап;
Рабочий тел: 8-776–828-45-34.
Өтінішті осы жерде беріңіз –>
– өтінішті ata-amanaty.kz сайтында қалдыра аласыз: https://clck.su/UiUwd
– Фейсбуке https://www.facebook.com/groups/atamnyn.amanaty/ сілтемесі арқылы қосылыңыз:
– Біздің https://www.instagram.com/ata.amanaty/?hl=ru инстаграм парақшамызға жазылыңыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту

Кіру