8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2026 297 0
Өңір жаңалықтары

Шекара сақшылары қызметке кірісті

18 тамызда елімізде Шекарашы күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов өңірде қызметтік жолын бастайтын жоғары әскери оқу орындарының түлектерімен кездесті.

Басқосу барысында аймақ басшысының орынбасары жас офицерлерді жаңа қызмет орындарымен құттықтап, жауапты міндеттеріне сәттілік тіледі.

– Батыс Қазақстан облысы – еліміздің батыс қақпасы. Бай шежірелі өлкеге қош келдіңіздер! Мемлекеттің тұтастығы мен халықтың тыныштығын қорғау – сіздер үшін қасиетті аманат. Шекара қызметкерлерінің еңбегі ерлік пен төзімділікті қажет етеді. Маңызды міндетті мінсіз атқарып, еліміздің берік қалқаны болғайсыздар – деді Қалияр Айтмұхамбетов.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Мұхтар Қанабеков жас офицерлерді таныстырды. Оның айтуынша, әскери қызметшілердің кәсіби міндеттерін орындауымен қатар, мәдени-спорттық және тарихи-танымдық шараларға қатысып, өз білім-білігін жетілдіруіне де қажетті жағдай жасалған.

Өз кезегінде шекарашылар Расул Тәпішев пен Мансұр Қадырәлиев ел алдындағы жауапкершілікті терең сезінетіндерін атап өтті. Олар Отанға адал қызмет ету – әр азаматтың перзенттік парызы әрі азаматтық борышы екенін айтып, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға дайын екендерін жеткізді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
49 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
128 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
123 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
173 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»