8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2026 347 0
Қалалықтар қаперіне

Оралда жасыл желектерге күтім жасау жұмыстары жүргізілуде

Орал қаласында жасыл желектердің санитарлық жағдайын жақсарту және қала аумағын абаттандыру мақсатында кешенді күтім жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс барысында ағаш діңдерінің төменгі бөлігіндегі артық өскіндер мен бұтақтар кесіліп, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтардағы арамшөптер тазартылуда. Бұдан бөлек, итмұрын бұталарына қалыптастыру мақсатында қырқу жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай санитарлық-күтім шаралары өсімдіктердің қалыпты әрі реттеліп өсуіне жағдай жасап, жасыл аумақтардың жинақы және ұқыпты көрінуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жұмыстар қаланың санитарлық тазалығын сақтап, абаттандыру деңгейін арттыруға бағытталған.

Аталған жұмыстарды мердігер мекеме — «Жайық таза қала» ЖШС атқаруда.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
52 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
132 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
126 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
176 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»