Мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің құндылық мінез-құлқы: «Адал азамат» моделі» тақырыбында семинар өтті
11–13 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының базасында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Мемлекеттік қызметшінің құндылық мінез-құлқы: «Адал азамат» моделі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, Академияның сертификатталған тренерлері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Үш күнге созылған оқыту барысында мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметіндегі құндылықтар мен мінез-құлықтың маңызына назар аударылды. Қатысушылар «Адал азамат» моделінің негізгі қағидаттарын, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын, заңға құрмет пен қызметтік жауапкершілікті талқылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және азаматтарға бағдарланған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру, көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындалды.
Департамент басшысы М.Байсалов мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмысында кәсібилікпен қатар адалдық, жауапкершілік, әділдік және заң талаптарын сақтау маңызды екенін атап өтті. Бұл құндылықтар мемлекеттік аппаратқа деген азаматтардың сенімін нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға тікелей ықпал етеді.
Семинар барысында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, нақты жұмыс жағдайларын талдау арқылы мемлекеттік қызметтегі құндылықтарды іс жүзінде қолдану жолдарын қарастырды.
Іс-шара соңында семинарға қатысқан мемлекеттік қызметшілерге сертификаттар табысталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Кіру

