8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2026 270 0
Өңір жаңалықтары

Белсенді жастар – қала дамуының қозғаушы күші

Халықаралық жастар күні қарсаңында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қала өмірінің түрлі саласында белсенділік танытып жүрген жастармен кездесті.

 

Басқосуға мәдениет пен өнер, спорт, білім мен ғылым, қоғамдық жұмыстар және басқа да бағыттарда жетістікке жеткен жас буын өкілдері қатысты. Еркін форматта өткен кездесуде жастар өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, шаһардың дамуына қатысты бастамаларымен бөлісті.

Қала әкімі жастардың белсенділігі мен қоғамдық өмірге араласуының маңызын атап өтіп, олардың тың идеялары мен жаңа бастамалары қаланың болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.

Кездесу барысында ашық пікір алмасып, жастарды толғандырған мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Жиын соңында белсенді жастарға қала әкімінің атынан құттықтау хаттары табысталып, естелік сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, Халықаралық жастар күні жыл сайын 12 тамызда аталып өтеді. Аталған күн жас буынның қоғамдық өмірдегі орнын айқындап, олардың жетістіктері мен бастамаларына қолдау көрсетуге үндейді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
140 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
134 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
178 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»