8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2026 251 0
Таза Қазақстан

Жастар тазалыққа үлес қосты

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясындағы «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Жобаны жүзеге асыруға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың өкілдері мен ерікті жастар белсенді атсалысып келеді. Былтыр акция аясында 25 балалар ойын алаңы ретке келтірілген.

 

Кезекті тазалық шарасы Есен Орақбаев көшесінде өтті. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балаларға арналған ойын алаңы жаңартылды.

Акцияның негізгі мақсаты – аулалардың көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру және экологиялық мәдениетті дамыту. Еріктілер аумақты қоқыстан тазартып, ойын алаңындағы құрал-жабдықтар мен орындықтарды сырлады. Тұрғындар да ортақ іске қолдау көрсетіп, жұмыстарға белсенді қатысты.

Ұйымдастырушылар «50 жаңа аула» акциясын алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр. Жайық өңірінің жастары тазалық пен абаттандыру ісіне үлес қосып, тұрғындарды қоршаған ортаны аялауға және туған өлкенің көркеюіне атсалысуға шақырады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
147 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
186 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»