8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2026 391 0
Өңір жаңалықтары

Бес елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр

Бәйтерек ауданындағы Үлкен Шаған ауылында орналасқан өрт сөндіру бекеті бүгінде бес елді мекенге қызмет көрсетіп, 4200-ден астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Нысанның жұмысымен ауданға сапары барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев танысты.


Жалпы құны 243 млн теңгені құрайтын инвестициялық жоба аясында салынған бекет екі арнайы техникамен жарақтандырылған. Мұнда 39 қызметкер еңбек етеді.

Бөлімше өрт сөндірумен қатар, жергілікті атқарушы органдардың өтініші негізінде су тасқыны кезінде авариялық-құтқару және су сору жұмыстарын да атқарады. Қызметкерлердің сапалы жұмыс істеуі үшін әкімшілік және тұрмыстық бөлмелер, оқу кабинеті, асхана мен мұрағат қарастырылған.

Қазіргі таңда ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек өрттің алдын алумен шектелмейді. Кез келген төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ете алатын қызметтің болуы – тұрғындардың алаңсыз тіршілігінің кепілі.

Сол себепті ауылдық аумақтарда азаматтық қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл төтенше жағдайлардың салдарын барынша азайтып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
68 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
62 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
118 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
161 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»