8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Шілде 2026 357 0
Білім

Мүмкіндіктер үшін рақмет, Астана!

Мен – Батыс Қазақстан облысының тумасы, биыл Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған жас маманмын. Студенттік өмірімнің ең жарқын әрі есте қаларлық кезеңдері елордада өтті. Бұл қала мен үшін тек сапалы білімнің ғана емес, үлкен мүмкіндіктер мен жаңа белестердің мекеніне айналды.

Университет қабырғасында кәсіби білім алып қана қоймай, шығармашылық жолымды «Шаңырақ» театрымен бірге шыңдадым. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды жастардың басын қосқан бұл ұжым маған өнердің қыр-сырын меңгертіп қана қоймай, достықтың, бірліктің және өзара қолдаудың құндылығын сезіндірді. Осындай рухани әрі шығармашылық орта қалыптастырған Астанаға деген алғысым шексіз.

Елорда талай жасқа мүмкіндіктер сыйлап, білім мен еңбек арқылы өз армандарын жүзеге асыруға жол ашып келеді. Мен де сол жастардың бірі ретінде Астананың берген тәлімі мен тәжірибесін, келешегіме жол ашқан мүмкіндіктерін әрдайым мақтан тұтамын. Қарқынды дамып, күн сайын жаңарып келе жатқан елорда – тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуінің, тұрақты дамуы мен жарқын болашағының айқын көрінісі.

Астана күні құтты болсын!

Еліміздің бас қаласы әрдайым көркейіп, мерейі арта берсін. Жаңашылдығы мен жасампаздық рухын сақтап, білім мен ғылымның, мәдениет пен инновацияның орталығы ретінде дами түссін. Еліміздің жүрегі – еңселі елордамыз әрдайым өсіп-өркендеп, халқымыздың мерейін асырып, жас ұрпақтың армандары орындалатын құтты мекен бола берсін!

Ханзада ЕРБОЛАТ,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, жас маман

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
36 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»