Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен рухани мұрасын, төл өнері мен ұлттық болмысын ұлықтайтын ерекше мереке.

Домбыра – қазақтың жаны, ұлттың үні. Оның қоңыр әуенінде кең даланың тынысы, бабалар аманаты, елдің шежіресі мен халықтың асқақ рухы жатыр. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып жеткен қасиетті аспап бүгін де ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елдік рухты сіңіруге қызмет етіп келеді.
Ұлттық домбыра күні – мәдени мұрамызды қадірлеуге, ұлттық өнерді насихаттауға және төл дәстүрімізді дәріптеуге үндейтін тағылымды мереке.
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! Қасиетті домбыраның күмбірі әр шаңыраққа құт-береке, ынтымақ пен шаттық әкеліп, халқымыздың рухын асқақтата берсін!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру