Мемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда
2026 жылғы 29 маусым мен 1 шілде аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы бірлесіп, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс қызметкерлері мен басшыларына арналған «Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-бақылау: заңнамалық негіздер, әдеп стандарттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді.

Оқу барысында қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару тетіктерін жетілдіру, мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, сондай-ақ қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бағдарлама аясында мемлекеттік қызмет заңнамасының негізгі қағидаттары, оның квазимемлекеттік сектор қызметіне әсері, заңдылық, ашықтық және меритократия қағидаттарын қамтамасыз ету тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мінсіз іскерлік беделді қалыптастыру, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету және жасанды интеллект технологияларын құқықтық шеңберде пайдалану мәселелері талқыланды.
Семинар барысында қатысушылар практикалық кейстерді талдап, комплаенс-бақылау саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай оқыту іс-шаралары квазимемлекеттік сектордағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға тиісті сертификаттар табысталды.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру