8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Маусым 2026 350 0
Инфрақұрылым

БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының 110 жылдық тарихы бар. Жаңадан салынған нысан салтанатты түрде пайдалануға берілді. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, БҚО мәслихат депутатары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Жайлаубай Серғали, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген қатысты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған жобаның маңызына тоқталды.

– Президент тапсырмасына сәйкес біз негізгі көлік нысандарын жаңарту бойынша кешенді жұмысты аяқтай келдік. Бұл жолаушылардың жағдайын жақсартып қана қоймай, облыс экономикасы мен логистикасының дамуына да септігін тигізеді», деді Нариман Төреғалиев.

Семиглавый Мар бекеті арқылы күніне 2 пойыз қатынайды. Станция салынғалы жібі түзу жөндеу көрген жоқ. Маңызды нысанның жаңғыртылуы жолаушылар үшін жайлы жағдай жасап қана қоймай, облыс экономикасы мен логистикасын дамытуға тың серпін береді.

Жоба аясында станция сүріліп, жаңадан салынды. Заманауи күту залдары жасақталып, жаңартылған навигация және ақпараттандыру жүйелері орнатылды. Ғимараттың сәулеті қазіргі заманға лайықталып, айналасы абаттандырылды.

Айта кетейік, былтыр өңірде 419 мың жолаушы пойызбен қатынаған. Теміржол арқылы 5 млн тонна жүк тасымалданған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
68 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
62 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
118 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
161 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»