Тасқалада жаңа мектеп бой көтеруде
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Тасқала ауданына барып, Айнабұлақ ауылында салынып жатқан жаңа білім беру нысанының құрылыс барысымен танысты.
Аталған жоба «КПО б.в.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында жүзеге асырылуда. 60 орынға арналған шағын жинақты мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Қазіргі таңда нысанның дайындығы 85 пайызға жетіп, құрылыс жұмыстары соңғы кезеңге аяқ басты. Мердігер мекеме ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, аумақты абаттандыруға кіріскен.
Жоба құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс алаңында қажетті материалдар толық жеткізілген, жұмыс процесіне жергілікті тұрғындар да тартылған.
Жоспарға сәйкес жаңа мектеп ғимараты тамыз айында пайдалануға берілуі тиіс. Өңір басшысы мердігер компанияға құрылысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар аудан әкімдігіне ауылдағы оқушы санын арттыру бағытында «Қаладан – ауылға» бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, Айнабұлақ ауылындағы білім беру мекемесі өткен ғасырдың 60-жылдары бастауыш мектеп ретінде ашылған. Кейін 2000 жылы бейімделмеген ғимаратқа көшіріліп, ұзақ жылдар бойы тоғыз жылдық мектеп ретінде жұмыс істеп келді. Ал 2022 жылы нысан ресми түрде апатты деп танылған болатын.
Жаңа мектептің салынуы – ауылдағы білім сапасын арттырып қана қоймай, елді мекеннің болашағына бағытталған маңызды қадам.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру








