8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Маусым 2026 387 0
Инфрақұрылым

Ауыл балалары жаңа мектепте білім алады

Ақжайық ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің Үштөбе ауылында салынып жатқан жаңа білім беру нысаны жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілмек. Құрылыс барысымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арнайы танысты.


60 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Жалпы құны 850 миллион теңгені құрайтын әлеуметтік жоба ауыл тұрғындары үшін маңызды нысандардың бірі саналады.

Қазіргі таңда ғимараттағы негізгі құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, ішкі әрлеу мен аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 25 адам еңбек етуде, олардың қатарында жергілікті тұрғындар да бар.

Заманауи талаптарға сай салынып жатқан мектеп ғимараты металл қаңқалы құрастырмалы негізде тұрғызылған. Қабырғалары арнайы өртке төзімді панельдермен қапталған. Жалпы білім ордасында 69 бөлме қарастырылған. Мұнда оқу кабинеттерінен бөлек спорт залы, мәжіліс залы, кітапхана, асхана, шеберхана және мектепалды даярлық топтарына арналған бөлмелер болады.

Бүгінде құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған. Өңір басшысы мердігер компанияға нысанды тамыз айының ортасына дейін сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар аудан әкімдігіне ауылға жаңа отбасыларды тарту және оқушылар санын көбейту бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Аталған нысанның іске қосылуы өңірдегі білім беру инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып, ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады. Бұл жоба ауылдың әлеуметтік әлеуетін арттырып, келешек ұрпаққа сапалы білім беру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
66 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
116 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
160 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»