АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Орал қаласындағы Ақжайық жаңа шағын ауданының құрылыс алаңында болып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты.

Өңірдегі ең ірі тұрғын үй құрылысы жобаларының бірі саналатын Ақжайық жаңа шағын ауданы Орал қаласын дамытудың кешенді жоспары аясында салынуда. БҚО әкімдігі баспасөзінің мәліметінше, жалпы аумағы 420 гектарды құрайтын жаңа аудан болашақта 50 мың тұрғынды баспанамен қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі уақытта оның 100 гектар аумағында белсенді құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінде шағын ауданның орталық және оңтүстік бөліктерінде инженерлік инфрақұрылым толықтай тартылып, кәріз сорғы стансасы пайдалануға дайындалған. Сонымен қатар тұрғындардың қатынасын жеңілдету және көлік ағынын тиімді ұйымдастыру мақсатында жаңа автомобиль көпірінің құрылысы басталды.
Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс алаңында мердігер мекемелердің өкілдерімен кездесіп, жобаның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуының маңыздылығына тоқталды. Ол тұрғын үй құрылысы саласында жұмыс істейтін компанияларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, ең алдымен құрылыс сапасы мен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуына басымдық беру қажеттігін айтты.
– Халық игілігі үшін салынып жатқан әрбір нысан сапалы әрі уақытылы пайдалануға берілуі тиіс. Сондықтан құрылыс қарқынымен қатар орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше назар аудару қажет, – деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
Кездесу барысында Нұрлыбек Нәлібаев азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері туралы да ақпарат берді.
Қазіргі таңда Ақжайық шағын ауданында 1044 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үй мен оңалту орталығы пайдалануға берілген. Сонымен қатар тағы 16 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін олардың бір бөлігін, яғни 648 пәтерді тұрғындардың игілігіне беру жоспарланып отыр.
Жобаның келесі кезеңдерінде шағын ауданда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріледі. Алдағы уақытта мұнда жалпы саны 60 әлеуметтік нысан салу көзделген. Олардың қатарында екі мектеп, төрт балабақша, көпбейінді аурухана, перинаталдық орталық және 12 мың көрерменге арналған заманауи стадион бар.
Ақжайық жаңа шағын ауданының құрылысы өңір тұрғындарын сапалы баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылымы дамыған заманауи қалалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру