Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шара кейс-талдау форматы арқылы ұйымдастырылып, қатысушыларға мемлекеттік қызмет барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысын басқару, әдеп нормаларын сақтау және алдын алу шаралары бойынша практикалық жағдайлар ұсынылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген шектеулер, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, мүдделер қақтығысын болдырмау тетіктері және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау мен олардың алдын алудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында нақты мысалдар негізінде қызметтік шешімдер қабылдау кезінде заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін факторларды анықтау және олардың алдын алу жолдары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру