8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Наурыз 2026 452 0
Референдум2026

Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы, Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумды дайындау және өткізу барысын бақылау нәтижелері туралы хабардар етті.

Оның айтуынша, миссия құрамында ШЫҰ-ға мүше 7 мемлекеттен аккредиттелген 17 бақылаушы жұмыс істеді.

«Миссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткенін атап өтеді. Миссия референдумның заңдылығына күмән келтіретін немесе оның нәтижелеріне әсер етуі мүмкін ұлттық заңнама нормаларының бұзылуын тіркеген жоқ.

Миссия республикалық референдумды ашық, сенімді және демократиялық деп таниды. Миссия референдум Қазақстан Республикасындағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам болды деп есептейді.

Біздің миссия жұмысының қорытындысы бойынша мәлімдеме қабылданды, ол миссияның барлық мүшелері тарапынан мақұлданды. Мәлімдеме мәтіні белгіленген тәртіппен Орталық референдум комиссиясына жолданып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», – деді спикер.

Ortcom.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
203 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
247 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
281 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
493 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»