8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 241 0
Референдум2026

Батыс Қазақстан облысында референдум қалыпты жағдайда өтуде

Қазіргі сәтте дауыс беру процесі тұрақты ұйымдастырылып жатыр, өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ, комиссияларға мұндай фактілер бойынша актілер түскен жоқ.

Өңірде 23 қоғамдық бірлестік аккредиттелген, олардың 20-сы референдум барысын бақылауға белсенді қатысуда. Бұл азаматтық қоғам белсенділігінің артқанын көрсетеді. Бұрын бір-екі қоғамдық бірлестік қана белсенділік танытса, биыл аудандық деңгейдегі ұйымдардың да белсенділігі айтарлықтай өскені байқалады.

Мәселен, Ақжайық ауданында «Жаңа ғасыр» қоғамдық бірлестігі референдум учаскелеріне 40 байқаушы жіберген. Ал Орал қаласында «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі бақылау жұмыстарына белсенді түрде қатысып отыр.

Сондай-ақ биылғы референдумда жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс бойынша 4089 жас алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Олар үшін сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдай жасалған. Алғаш рет дауыс беріп отырған жастардың азаматтық қадамына ерекше мән беріліп, оларға естелік сыйлықтар табысталуда.

Мамандардың пікірінше, мұндай шаралар электоралдық мәдениетті арттыруға, жастарды қоғамдық үдерістерге тартуға және олардың сайлау мен сайлану құқығын белсенді жүзеге асыруына оң ықпал етеді.

Жалпы алғанда, өңірде дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде және тыныш жағдайда өтіп жатыр.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат
04 Мамыр 2026
51 0
Қалалықтар қаперіне
Қалалықтар назарына!
04 Мамыр 2026
41 0
Без рубрики
WUF13 Festivalı
04 Мамыр 2026
43 0
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
229 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»