«Алтын той» иелері маңызды науқанға қатысты
Жарсуат ауылындағы №108 сайлау учаскесіне өз дауыстарын беруге «Алтын той» иелері – Уразовтар жанұясы келді.
Отағасы Амандавлет Уразов 1948 жылы Жарсуат ауылдық округіне қарасты Қарашығанақ ауылында дүниеге келген. Ал жұбайы Қаламқас Жұмашева қазіргі Кеңтүбек ауылының тумасы. Амандавлет ағамыз мектеп бітіргеннен кейін Бөрлі техникумында білім алып, еңбек жолын өз туған жерінде бастаған. Ол ұзақ жылдар бойына Жарсуат ауылдық округінде бригадир, инженер-механик, ауылдық кеңестің төрағасы сияқты түрлі жауапты қызметтерді атқарған. Ағамыз бір жылдары «Ақсайгазпромэнерго» компаниясында да жұмыс жасап, адал еңбек еткен. Жалпы 47 жыл еңбек етіп, 2012 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Ал Қаламқас апамыз Ақсай қаласындағы статистика басқармасында адал еңбек етіп, 2007 жылы зейнетке шыққан. Апамыздың еңбек өтілі 25 жыл.
Амандавлет ағамыз бен Қаламқас апамыз 1976 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде «Алтын той» иелерінің 1 ұл, 1 қыздан 4 немере мен 2 шөберелері өсіп келеді. Үлгілі отбасының негізін қалаған Уразовтар әулеті бүгінгі жас отбасыларға үлгі.
– Бүгін біздер референдумға өз дауысымызды беруге келдік. Еліміз үшін маңызды науқанға әр азамат қатысуға міндетті. Бүгін – әр қазақстандық үшін ерекше тарихи күн. Себебі елімізде ҚР-ның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдум өтуде. Бастысы еліміз дамып, көркейе беруін тілеймін,- деп «Алтын той» иелері учаскеге жиналған халыққа өз баталарын берді.
№108 референдум учаскесінің төрағасы Марат Садықов 50 жыл отасқан отбасыны алтын тойларымен құттықтап, сыйлық табыстады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Кіру

