8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 399 0
Референдум2026

Ауыл аналары – береке мен бірліктің үлгісі

Янайкин ауылдық округі бойынша №177 референдум учаскесінде ауыл бірлігі мен татулығын айқын көрсеткен ерекше сәттердің бірі орын алды. Ауылдың белсенді ақ жаулықты әжелері мен берекесі жарасқан келіндері бір мезетте келіп, өздерінің азаматтық таңдауларын жасады.

Бұл көрініс ауылдағы ынтымақ пен қоғамдық жауапкершіліктің жарқын белгісіне айналды.

Ауылдың тыныс-тіршілігіне әрдайым белсенді араласып, қоғамдық жұмыстардың алдыңғы қатарынан көрініп жүретін кейуаналар мен келіндер бұл жолы да ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Олардың сайлау учаскесіне бірге келуі тек дауыс беру ғана емес, сонымен қатар елдің тыныштығы мен болашақ ұрпақтың қамына деген аналық жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Ақ жаулықты аналар өз пікірлерінде: «Аналардың таңдауы – ұрпақтың болашағы» екенін атап өтіп, елдің амандығы мен берекесін тілеп, ақ баталарын берді. Олардың референдумға қатысуы жас буынға үлкен өнеге болып, азаматтық белсенділіктің маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

«Береке – бірлікте», «Ана көрген тон пішер» деген халық даналығы ауыл аналарының бұл қадамын одан әрі айшықтай түскендей. Бірлікпен келіп, ел тағдырына бейжай қарамай өз таңдауын жасаған аналардың әрекеті ауыл жастарына үлгі болып, ұрпақ сабақтастығы мен ортақ жауапкершіліктің мәнін айқын көрсетті.

Осындай тағылымды сәттер ауыл өміріндегі ынтымақ пен татулықтың, ел болашағына деген сенім мен жауапкершіліктің жарқын көрінісі болып қала береді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
119 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
161 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
199 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»