8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 166 0
Референдум2026

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты. Аймақ басшысы облыс орталығындағы Орал ақпараттық технологиялар колледжінде орналасқан №521 референдум учаскесінде дауыс берді.

– Бүгін бәріміз, халық болып, еліміздің тағдырына тікелей әсер ететін шешімді қабылдап жатырмыз. Мұндай тарихи күнде әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Азаматтар референдум учаскелеріне келіп, өзінің таңдауын жасау арқылы ел басқару ісіне араласа алады. Қазір қоғамның көзі ашық, азаматтық белсенділік жоғары. Өңір жұртшылығы да референдумның күн тәртібіне қатысты барлық ақпаратпен алдын ала танысып, түрлі талқылаулар өткізілді. Ел өміріне, болашақ ұрпағымыздың тағдырына бейжай қарамайтын кез келген жерлесіміз дауыс беруге белсене қатысады деп сенемін, – деді Нариман Төреғалиев.

Айта кетейік, облыста 446 391 адам дауыс беруге құқылы. 489 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Саяси науқанның барысын аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқауда.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
128 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»