8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 206 0
Референдум2026

Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Республикалық референдум күні Орал қаласындағы Достық үйінде орналасқан №230 референдум учаскесінде тұрғындар үшін ерекше әрі көңілді шара ұйымдастырылды.  Дауыс беруге балаларымен бірге келген ата-аналардың балалары үшін аквагрим бұрышы жұмыс істеді.

Шара барысында кішкентайлардың бетіне түрлі әсем суреттер – ертегі кейіпкерлері, гүлдер мен ұлттық ою-өрнектер бейнеленіп, балалардың көңілі көтерілді. Бұл бастама дауыс беруге келген отбасыларға жайлы атмосфера қалыптастырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар референдум күні учаскеге келген тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, балалардың уақытын қызықты өткізуіне мүмкіндік береді. Кішкентайлар аквагрим арқылы қуанып жатса, ата-аналар азаматтық парыздарын орындап, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, өңірдегі бірқатар референдум учаскелерінде концерттер, жәрмеңкелер және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылып, дауыс беру күніне ерекше мерекелік сипат берілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – Әкелер күні
21 Маусым 2026
37 0
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
120 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
200 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
252 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
314 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»