8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 278 0
Референдум2026

Оралда Фиксиктер референдумда өз таңдауын жасады

Орал қаласының тұрғындары тағы да ерекше болып, референдумға «Фиксиктер» мультфильмі кейіпкерінің костюмінде келді.

№268 референдум учаскесіне келген балалар мен жасөспірімдер арасында танымал мульткейіпкер «жанданып» кеткендей әсер қалдырып, дауыс берушілердің назарын өзіне аударды.

– Мен бүгін референдумға келдім, өйткені бізде бір жақсы сөз бар: егер кішкентай бөлшек дұрыс жұмыс істесе, бүкіл механизм де жақсы жұмыс істейді.
Біздің еліміз де үлкен механизмге ұқсайды. Ал әрбір азамат – сол механизмнің маңызды бөлшегі. Бүгін өз дауысымды беріп, болашақтың бір «бұрандасын» бірге бұрап жатырмыз,– дейді танымал мультсериалдың «тіріліп кеткен» кейіпкері.

Мұндай перформанс №268 референдум учаскесіне келген сайлаушыларды бей-жай қалдырмады. Адамдар қарасы онсыз да көп болған учаскеде «Фиксиктердің» келуі қарапайым тұрғындардың да назарын аударды.

Азаматтық ұстанымды осындай жарқын түрде білдіруге кейіпкерді мультфильмнің басты ұраны шабыттандырған.

– Фиксиктер әрқашан: «жөндейік, жақсартайық, жаңартайық» дейді. Мен де жаңа, әділ әрі дамыған Қазақстанды бірге құруға өз үлесімді қосқымыз келеді.
Сондықтан бүгін мен тек костюммен ғана келген жоқпын. Мен жаңа Қазақстанды бірге құру идеясына сеніп келдім, – деп бөлісті жұмбақ кейіптегі жас.

Мульткейіпкердің костюмін киген жас жігіт өз жеке басын тек учаскелік референдум комиссиясының мүшелеріне ғана таныстырып, дауыс берушілер тізімінде белгіленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
98 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
141 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
180 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»