8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2026 204 0
Наурыз

Көрісу күніндегі көңіл күй

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қалың көрерменмен бірге «Атамекен» өнер ордасында өткен «Наурыз-думан» атты мерекелік концертті тамашалады.

Облыс әкімі Жайық жұртшылығын Көрісу күнімен құттықтап, елдің елдігі мен бірлігін танытатын тағылымды мейрамның мән-маңызына тоқталды. Ол Президент бастамасымен қолға алынған «Наурызнама» онкүндігінде бүгініміз бен болашағымыз үшін маңызды қағидаттардың көрініс тапқанын атап өтті.

– Әлем әрі-сәрі күй кешкен қазіргі кезеңде бізге бірлік пен татулықтың қаншалықты құнды екенін қай-қайсымыз да терең түсініп отырмыз. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, түрлі салалардағы оң өзгерістер мен ілкімді істер – тұғырлы Тәуелсіздіктің, еңселі Егемендіктің жемісі. Ендеше осы құндылықты көздің қарашығындай қорғау, мемлекет мүддесі, халық игілігі жолында жұдырықтай жұмылып, еңбек ету – баршамызға ортақ жауапкершілік. Көрісу күніндегі көп тағылымның бірі осы,- деді Нариман Төреғалиев.

Мерекелік концертте халық әндері мен жыр-термелер орындалып, қос ішектен күй төгілді. Өнер ұжымдары аспаптармен сүйемелдеп, бимен көркемдеді. Мазмұнды шара ақ батамен түйінделді.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
112 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
193 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
246 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
308 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
338 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»