8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қаңтар 2024 38754 0
Жалын

Жастар Сатқановпен кездесті

Қаңтардың 26-сы күні,«КазИИТУ» ғылым-білім кешенінің Студенттер сарайында Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов бір топ жастарымен басқосты.


Онда жастарға жайлы жағдай жасау: проблемалық табыстың құпиясы, іс-қимылдар тақырыбы аясында әңгіме қозғалды. Жиында Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Жастарға кеңес беру» бөлімінің басшысы Алма Төлепқалиева мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы, «Жастар тәжірибесі» бағытында қызмет етушілер, жастарға арналған микрокредиттер бойынша жоспарланған өтініштің оң шешімін тапқаны,«Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқандардың жағдайы туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, осы ресурстық орталығы басшысының орынбасары Дәурен Шамұратов өткен жылғы жастармен бірге өткізілген түрлі шаралар жөнінде айтты. Бұдан соң жиналғандар жұмыссыздық мәселесін көтеріп, «Oral jastaryna jymys» телеграм бот платформасын ашуды, туғаннан ауыр дертке шалдыққан балаларға қолдау көрсетілетін орталықтың болуын өтінді. Жиында сөз сөйлеген қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы талантты жастарды қолдайтынын, бұл кездесудің маңызы зор екенін, айтылған ұсыныстардың жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Бұл кездесу туралы «Жайық үні» газетінің №5 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
40 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
90 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»