Кітапханашылар мен архив мамандарының жалақысы 20% өседі
Биыл еліміздегі кітапханашылар мен архив ісі мамандарының жалақысы артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл кітапхана қызметшілері және архив ісі мамандарының еңбеақысын 20%-ға, 2027 жылға дейін екі есе өсіру жоспарланып отыр. Бізге білім саласындағы кітапханашылар, мәдениет саласындағы қосалқы қызметшілер проблемаларын айтып хабарласты. Яғни олар жалақысы көтерілетіндердің қатарына кірмей қалған. Осы орайда аталған санаттағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қалай көтереміз деген сұрақты талқылау үшін, бірнеше құзырлы органдардың өкілдерін шақырып отырмыз», – деді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова «AMANAT» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Депутаттың есептеуі бойынша бүгінде 25 жыл өтілі бар кітапханашының жалақысы орта есеппен 140 мың теңге.
«Бұл жерде жалақыдан бөлек, жұмысшылардың еңбек демалысы, сауықтыруға арналған төлемдер де кіреді. Жалақы, әлеуметтік қолдау мәселелеріне келгенде, мәдениет және білім саласындағы кітапханашыларды қатар қарастыру қажет. Сонымен қатар қосалқы қызметшілерді ұмытпау керек, мысалы кітапханада жұмыс істейді, бірақ кітапханашы емес», – дейді ол. Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаевтың мәліметінше, еліміз бойынша кітапханашылардың орташа жалақысы 125 980 теңге. Ал басшылық қызметтегілер 214 мың теңге маңайында жалақы алады.
Дереккөз: inform.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу