8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2023 1647 0
Бәрекелді!

Ұландықтар жарады!

Ұландықтар Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады.

Күн сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерінің жауынгерлері Ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің барлық қалаларында қоғамдық тәртіппен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді.   Бұл оқиға 26 мамырда сағат 21:30 шамасында орын алған.

Орал қаласының тұрғыны С.Киров атындағы демалыс саябағында ойнап жүрген үш жастағы қыз баласын таба алмай, саябақты аралап іздеп шығады. Осы сәтте демалыс саябағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтарды көріп, дереу қастарына келіп болған мән-жайды айтып түсіндіреді. Ұландықтар ақпаратты барлық әскери жасақтарға жеткізіп, азаматтың өтініші бойынша бағдар алып, шұғыл іздеуге кіріседі. Арада жарты сағат өткенде әскери жасақ бастығы қатардағы Ислам Еділбаев, патрульші қатардағы Азат Абдусубанов жылап жүрген қыз баланы байқайды. Жақындап сұрастыра келе, оның адасып жүргенін анықтайды.  Әскери қызметшілердің жедел әрекетінің арқасында табылған бала жақын маңдағы полиция пунктіне жеткізілді.

Баласымен аман-сау қауышқан қыздың әкесі тәртіп сақшыларына шексіз ризашылығын білдірді.

Ертуған ӘУБӘКІР, капитан

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
43 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
41 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
104 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
152 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
296 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»