Көпір өткелімен автомобиль жолын салу мәселесі қаралды
Мамырдың 30-ы күні Зашаған кентіндегі «Алтын орда» мәдениет үйінде «Орал қаласынан «Ақжайық» шағын ауданы тұрғындарының егжей-тегжейлі жоспарлауға дейін көпір өткелімен автомобиль жолын салу» жобасы бойынша тұрғындардың қатысуымен тыңдалым болды. Қала аумағында орналасқан мемлекеттік орман қорындағы жерлерді орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру мәселесі қозғалды.
Жиынды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды ретеу басқармасының басшысы Қуанышқали Есімов жүргізіп, күн тәртібіндегі қаралатын мәселемен таныстырды. Бірінші мәселе бойынша қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Мирас Мұхитов баяндамасында Зашаған кентінде жаңадан бой көтеретін «Ақжайық» шағын ауданында жүргізіліп жатырған құрылыс жөнінде кеңінен тоқталды.
Жиналысқа қатысқан тұрғындардың пікірлері екі тарапқа бөлініп, нәтижесінде нақты шешім қабылданбады. Бұл мәселенің түйіні алдағы уақытта өтетін қоғамдық тыңдалымда тағы да қаралатын болды.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу